Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді

80

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді Фото: Никита Басов

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу