Қазақстан FIFA рейтингіндегі жағдайын жақсартты

Ұлттық құрамамыз соңғы 2 ойында жеңілістің кермек дәмін татпады. 

Қазақстан FIFA рейтингіндегі жағдайын жақсартты Фото: smi24.kz

Осы жеңістер үшін жиған ұпайлар саны 1182,96-ға жеткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өз кезегінде Қазақстан ұлттық құрамасының бірден екі саты жоғарылауына көмектесіп отыр. Қазір еліміз 112-орынға тұрақтаған. Аталған нәтижеге Астанада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындар тікелей әсер еткені жасырын емес. 

Бұл жарыс аясында Қазақстан ұлттық құрамасы қос матчта да 3 ұпайды қоржынға салды. 25 наурыз күні "Астана Аренада" Намибияны 2:0 есебімен ойсырата жеңсе, кеше ғана Комор аралдарынан 1:0 есебімен ұтты. Осылайша, команда 5,15 ұпай еншілеп, рейтингте Кения мен Танзанияны артта қалдырған. 

Еске салайық, осы кездесулер қарсыластардың да позицияларына айтарлықтай әсер етті. Намибия екі сатыға төмендеп, 120-орынға тұрақтаса, Комор аралдары үш орынға сырғып, 109-орыннан бір-ақ шықты.

Қазақстан тарихында алғаш рет FIFA Series турнирін қабылдап, халықаралық деңгейдегі жарысты өз алаңында ұйымдастырғанын да айта кету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу