Қазақстан FIFA Series турнирінде: жаңа формат, жаңа қарсыластар

123

Алайда Кувейттің бас тартуына байланысты жарыс форматы өзгеріп, матчтар айналмалы жүйе бойынша өтетін болды.  

Қазақстан FIFA Series турнирінде: жаңа формат, жаңа қарсыластар Фото: ҚФФ

Алғашында турнирге Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт құрамалары қатысады деп жоспарланған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыған сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын 25 наурызда Намибияға қарсы өткізеді. Ал 31 наурызда отандастарымыз Комор аралдарының құрамасымен кездеседі. Өз кезегінде Намибия мен Комор аралдары 28 наурызда өзара күш сынасады.

FIFA Series – әртүрлі құрлықтағы құрамаларды бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық жоба. Турнирдің басты ерекшелігі – командалардың өзге конфедерация өкілдерімен ойнауына жағдай жасау.

Аталған турнир алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта ұйымдастырылған еді. Сол тәжірибе негізінде жоба толыққанды халықаралық деңгейге көтеріліп, 2026 жылдан бастап кеңейтілген форматта өткізіледі. Биылғы басты жаңалық – жарысқа ерлер құрамаларымен қатар әйелдер ұлттық командалары да қатысады.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттыру және түрлі футбол мектептерінің өзара бәсекесін күшейту. FIFA Series аясында әр топқа әртүрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді, ал әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Биылғы матчтар бірнеше елде өтеді. Қабылдаушы мемлекеттердің қатарында Қазақстанмен бірге Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан бар.

Қазақстан қатысатын топта Намибия мен Комор аралдары өнер көрсетеді.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады. Бас бапкер Талғат Байсуфинов кеңейтілген тізімге 50 ойыншыны енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу