Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев өмірден өтті

221

Андрей Морев "Жеңіс", "Оқжетпес", "Тобыл" және "Ақтөбе" сынды командалар сапында өнер көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев өмірден өтті Фото: ҚФФ

"Ақтөбе" құрамында екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.

"Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", – делінген ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу