Қазақстан футзалшылары әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

135

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларусь командасын 5:4 есебімен ұтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан футзалшылары әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады Фото: kff.kz

Матчтың алғашқы голын Беларусь ойыншылары соқты. Алайда қазақстандықтар көп ұзамай есепті теңестіріп, алға шықты. Кездесудің 9-минутында Альберт Ақбалықов пенальтиді сәтті орындаса, Эдсон 10, 14 және 28-минуттарда үш гол соғып, команда басымдығын нығайтты.

Ойынның 31-минутында Беларусь құрамасы есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін Қазақстан қақпашысы Игита да гол соғып, команда қоржынына тағы бір ұпай қосты.

Кездесудің соңғы минутында Беларусь ойыншылары екі гол соқты. Дегенмен қазақстандықтар басымдықты сақтап, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеудің 6-тобында Беларусь және Албания құрамаларымен бірге өнер көрсетеді.

Енді қазақстандық футзалшылар 11 қарашада Беларусьпен сырт алаңда кездеседі. Ал Албания құрамасымен ойындар 2026 жылғы 9 желтоқсанда және 2027 жылғы 2 наурызда өтеді.

Іріктеудің негізгі кезеңі 2026 жылғы 12–21 қазан, 2–11 қараша және 6–9 желтоқсан аралығында, сондай-ақ 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Кезең қорытындысы бойынша 12 топтың жеңімпазы және екінші орын алған үздік төрт команда элиталық раундқа тікелей өтеді. Ал қалған сегіз топтың екінші орын иегері плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына жолдама алу үшін бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу