Қазақстан газ бағасын неге көтергелі отыр?

3718

Қазақстан 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығына кірмек.

Қазақстан газ бағасын неге көтергелі отыр?

Соған дейін табиғи газ бағасын көтеруді көздеп отыр. Оған не себеп?

QazaqGaz компаниясының басшысы Санжар Жаркешовтің айтуына қарағанда, осы одақтағы елдер ішінде Қазақстанда газ бағасы төмен. Мысалы, газға Ресей халқы бізден екі есе, Қырғызстан халқы төрт есе жоғары төлейді. 

"Ортақ нарыққа кірген елдер бір-бірінен газ сатып ала алады. Демек біздің қазіргі төмен баға сақталса, газымыз көрші елдерге кетіп қалуы мүмкін", – дегенді алға тартады ол. 

Ол бағаны көтеру арқылы "мемлекет мүддесін қорғаймыз" дегенді айтады.

Журналистердің "Ендеше Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығына кірмеуімізге болмай ма" деген сұрағына

"Еуразиялық экономикалық одақтың бір келісімшартына кіремін, екіншісіне кірмеймін деген саяси сұрақ қой. Мен саясатқа араласпаймын", – деп басын алып қашты Жаркешов.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу