Қазақстан Германиямен сауда-экономикалық қатынасты нығайтпақ

93

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Германиямен сауда-экономикалық қатынасты нығайтпақ Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті мен ағымдағы жағдайы туралы талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Германия арасындағы диалогті нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері де қарастырылды.

"Орталық Азия – Германия" форматы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындық құпталды.

Германия дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу