"Қазақстан халқына" қорына қай бағыттағы өтініштер көбірек түсетіні аталды

698

Қор құрылғалы қазақстандықтардан жалпы саны 4 мыңнан астам өтінім келіп түскен. 

"Қазақстан халқына" қорына қай бағыттағы өтініштер көбірек түсетіні аталды Фото: Informburo.kz

Бұл туралы "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Қазақстан халқына" қорына қай бағыттар бойынша өтініштер көбірек түседі?" деген сауал қойды.

"Қордың жұмысын білмегендіктен, өткен жылы өтінімдердің көбісі несиелер, үй сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша түскен болатын. Жұмыс барысында қамқоршылық кеңесімен бекітілген тұжырымдамамызды елге жеткізіп, келіп түскен сұрақтарды топтап, әр салаға бөлдік. 2023 жылы 2500 өтінім келіп түсті. Оның барлығы қарастырылды, 2022 жылдан ауысып келген сұрақтар да болды. Жалпы 4401 өтінімді тәмамдап, шешімін таптық", - деді Ләззат Шыңғысбаева.

Өтінімдердің біразы шетелге емге жіберу, ота жасату, оңалту мәселесіне арналды.

"Біз оның барлығын зерттеп қарағанымызда ауылда тұрып жатқан ерекше балалар облыс орталығына да жете алмай жатқан жағдайлар бар екенін анықтадық. Ендігі жұмысымыздың бағыты – аудан мен ауылдағы оңалту мәселесі. Мәселелердің көбі әлеуметтік", - деді "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Спикердің сөзінше, бұдан басқа дәрі-дәрмектер мәселесіне қатысты өтінімдер де келіп түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу