Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Түркияны ірі есеппен жеңді

160

Хоккейші қыздарымыз қатарынан үш матчта жеңіске жетті. 

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Түркияны ірі есеппен жеңді

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші матчта Қазақстан құрамасы турнир қожайындары – Түркия командасымен кездесті. Ойынның шамамен ортасына дейін есеп ашылмай, тек екінші кезеңде төрт минуттың ішінде қарсылас қақпасына үш шайба соғылды.

34-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына буллит белгіленіп, айдын иелері оны сәтті орындады. Ал матчтың үшінші бөлігінде қазақстандық хоккейшілер тағы екі шайба салып, кездесуді 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Келесі ойында біздің қыздар бүгін, 23 қаңтарда Нидерланды құрамасына қарсы шығады. Матч Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу