Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Германиямен кездеседі

372

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы екінші ойынын бүгін Германияға қарсы өткізеді.

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Германиямен кездеседі Фото: sportrbc.ru

Кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары ретінде Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан таңдалған. Ойындар Данияның Хернинг қаласында өтеді.

Екі құрама бұған дейін 5 мәрте ойнаған. Оның біреуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында немістер үстем болды.

Айта кетейік, кеше өткен бірінші турда Қазақстан Норвегияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Германия Венгриядан 6:1 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу