Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

102

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия мен Польша құрамаларын жеңген болатын. 

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті Фото: ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Украинаға қарсы матч біздің команда үшін оңай басталған жоқ. Қарсылас алғашқы кезеңде екі шайба соғып, екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді.

Соған қарамастан, үшінші кезеңнің ортасына қарай Владислав Ануфриев, Михаил Коленко және Никита Гридасовтың дәл соққыларының арқасында есеп теңесті.

Кездесудің аяқталуына жақын қалғанда Матвей Решетько жеңіс шайбасын соқты. Ал соңғы секундта Егор Кравченко бос қақпаға шайба енгізіп, матчтың нүктесін қойды - 5:3.

Осылайша, үш ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Максим Худяковтың шәкірттері әлем чемпионатында екінші орынға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия мен Польша құрамаларын жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу