"Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран-Әзербайжан, Иран-Армения, Иран-Түркия және Иран-Түрікменстан арасындағы құрлық шекарасы арқылы пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.
Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы елшілігі:
- Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933
- Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:
- +98 912 298 0350 (ұялы телефон);
- +98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
- +7 701 771 34 01 (WhatsApp).
Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:
- +98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).
Қазақстан азаматтары консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.