banner

Қазақстан қай елдің импортын көп тұтынады?

11172

Ресейдің импорты экспорттан 2,7 есе көп.

Қазақстан қай елдің импортын көп тұтынады?

"QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстанның 2020 жылғы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады, - деп хабарлайды  inbusiness.kz  тілшісі.

Қазақстанның өзге елдермен арадағы тауар айналымы 2020 жылы 86,5 млрд доллар болды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 11,6% төмен. Пандемияға дейін Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 97,8 млрд доллар болған еді.

Экспорт

Пандемиялық шектеулер мен дағдарыс әсіресе экспорттың үлесін ортайтып кеткен.  2020 жылы Қазақстаннан шығарылған экспорт көлемі 2019 жылғы көрсеткіштен 18,1% төмендеп, 47,5 млрд доллар болды.

2019 жылы Қазақстан әлем елдеріне 33,6 млрд доллардың шикі мұнайын сатса, былтыр 23,7 млрд доллардың өнімін ғана өткізді (-29,4%).  Сол сияқты 2019 жылы 3,2 млрд доллардың табиғи газын сатса, былтыр 2,4 млрд долларды қанағат тұтты (-22,2%). Мұнай өнімдерінің экспорты 37,1%, ферроқорытпа экспорты 12,1%,  қара металдардың қалдықтары мен сынықтарының экспорты 50,7% қысқарды.

Есесіне кен және темір концентраттары сияқты тауарларды сатудан түсетін табыс 664,6 млн доллардан, 1,05 млрд долларға, мыс кендері мен концентратының экспортынан түсетін кіріс 1,1 млрд долландан 1,4 млрд долларға, уран саудасынан келетін табыс 1,5 млрд доллардан 1,7 млрд долларға, күміс экспортының көлемі 436,2 млн доллардан 613,8 млн долларға, бидай сатудан түсетін кіріс 1,002 млрд доллардан, 1,1 млрд долларға артқан.  

Негізгі экспорт тауарлары: шикі мұнай – 23,7 млрд доллар, мыс пен катодтар – 2,7 млрд доллар, табиғи газ – 2,5 млрд доллар, уран – 1,8 млрд доллар, ферроқорытпалар – 1,7 млрд доллар, мыс кендері мен концентраттары – 1,5 млрд доллар, бидай – 1,2 млрд доллар, темір кені және темір концентраттары – 1,1 млрд доллар, бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 711,8 млн доллар, мұнай өнімдері – 649,9 млн доллар.

Импорт

2020 жылы Қазақстанға кіргізілген импорт көлемі 2020 жылы 2% төмендеп, 38,9 млрд доллар болды. Әсіресе табиғи газ – 62,4%, электр қозғалтқыштары мен қондырғыларына бөлшектер – 98%, сұйық сорғылар – 52,4%, материалдарды термиялық өңдеуге арналған жабдықтар – 43,9%, пульттер, панельдер, электр аппаратурасына арналған үстелдер – 55,2%, бу қазандары немесе басқа да бу өндіретін қазандар – 93,1% кеміді.

Ал тоңазытқыш жабдықтар 7,5 есе, ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер 2,2 есе,  телефон аппараттары  38,9%,  бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар 35,9%, сыйымдылығы 300 литрден асатын қара металдан жасалған ыдыстар 4,6 есе көп импортталған.

Негізгі импорт тауарлары: тоңазытқыш жабдықтар (1,9 млрд доллар), ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер (1,3 млрд доллар), телефон аппараттары (1,3 млрд доллар), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар (1,2 млрд доллар), құбырларға арналған арматура (810,4 млн доллар), жеңіл автомобильдер (778,1 млн доллар),  ұшу аппараттары (737,6 млн доллар), центрифугалар, сұйықтықтар мен газдарды сүзуге арналған жабдықтар мен құрылғылар (726,1 млн доллар).

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу