Қазақстан қоржыны Азия чемпионатында алтыншы алтынмен толықты

157

Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды.    

Қазақстан қоржыны Азия чемпионатында алтыншы алтынмен толықты Фото: olympic.kz

Ташкентте ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аянат Жұмағали алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыс қорытындысында 237 келі көтерді (104+133).

Күміс жүлдені Өзбекстан спортшысы Дильнура Холдорова 224 келі нәтижемен (101+123) иеленді. Тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева 223 келімен (100+123) үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында бұл чемпионатта бірнеше алтын медаль еншілеп отыр. Бұған дейін Снежана Кашкарова (57 кг), Бейбарыс Ерсейіт (65 кг) және Ақжол Құрманбек (85 кг) чемпион атанған. Ал жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 кг) топ жарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу