Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалындағы төрт кездесу өтеді. Жеңіске жеткен командалар турнирдің жартылай финалына жолдама алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайт.
Ойындар кестесі:
Ақтөбе – Алтай
Жеңіс – Қызылжар
Ордабасы – Жетісу
Қайсар – Тобыл
Жартылай финалда "Ордабасы" – "Жетісу" және "Ақтөбе" – "Алтай" жұптарының жеңімпаздары өзара кездеседі. Ал "Қайсар" – "Тобыл" және "Жеңіс" – "Қызылжар" матчтарында үздік шыққан клубтар екінші финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Қазіргі таңда турнирдің үздік сұрмергендері қатарында Димитар Митков пен Азамат Тұяқбаев бар. Екеуінің еншісінде үш голдан бар.
Биыл кубок бәсекесінде басты фаворит саналған Астана, Қайрат және Елімай жарысты 1/8 финалда аяқтады.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.