Бүгін, 15 қараша Астанада Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Бельгия құрамасымен кездеседі.
Матч алдында Бельгия құрамасы J тобында көш бастап тұр. Олар алты ойыннан кейін 14 ұпай жинады. Сондай-ақ бельгиялықтардың қосымша екі матчы бар. Қазақстан құрамасы жеті матч өткізіп, жеті ұпай жинады.
Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы ойында күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті. Ал Бельгия құрамасы іріктеудегі соңғы матчын Уэльс командасына қарсы сырт алаңда өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан – Бельгия матчының тікелей трансляциясы сағат 19:00-де басталады. Матч Астана-Аренада өтеді.