Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орынға ие болды

329

Асхат Жаңбыров баптайтын грек-рим күресінен Қазақстан U17 құрамасы әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орынға ие болды

28–30 шілде аралығында Грекияның астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

45 келі салмақта Қуанышбек Жаңажол барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды. 48 келіде Нұрдәулет Құмарұлы мен 55 келіде Нұрәлі Асқар финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 65 келіде Досбол Шәміл мен 71 келіде Марлен Мейірбекұлы қола медаль еншіледі.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Иран, екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді. Бұл нәтиже отандық грек-рим күресінің әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу