Алтын медаль үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары сайысқа түсті. Тартысты өткен кездесуде жапониялықтар жеңіске жетті. Кездесу 45:39 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс медаль иегерлері: Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.
Жалпы, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Венгрияға жол берген болатын.
Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын иеленген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу