Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

262

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. 4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті.

Қазақстандық Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады. Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңдегі белгіленген бағытты толық аяқтай алмады.

Жарыс қорытындысында Қатар өкілі Фалех Аладжами Qapella атты атпен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен жайғасса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу