Ел құрамасы Азия ойындарында үстел теннисінен Мальдивті жеңді

122

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы С тобында екінші орынға көтерілді.  

Ел құрамасы Азия ойындарында үстел теннисінен Мальдивті жеңді Фото: olympic.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы үстел теннисінен 2026 жылғы Аичи–Нагоя Азия ойындарындағы командалық жарыстың екінші кездесуін өткізіп, Мальдив құрамасын жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар Мальдив өкілдерімен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейінгі алғашқы ойында Қазақстан Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберген болатын.

Азия ойындарында Қазақстанның намысын Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Кошкумбаева, Альбина Жаксылыкова және Ангелина Романовская қорғап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу