Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында велоспорттан 2 алтын және 2 күміс медаль иеленді

128

Осылайша жарыстың жетінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалпы жүлде саны 47 медальға жетті.

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында велоспорттан 2 алтын және 2 күміс медаль иеленді Фото: t.me/parateamkz

23 қазанда өткен тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижемен алтын медаль иеленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.

Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, V Азия Пара ойындарында әзірге Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалпы жүлде саны 47 медальға жетті. Оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу