Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеті медальді еншісіне жазды

124

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңінде ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеті медальді еншісіне жазды Фото: olympic.kz

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова ирландиялық Даяна Мурхаузды 5:0 есебімен жеңді.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева канадалық Мари аль Ахмадимен кездесті. Нәтижесінде бұрымды боксшымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті. Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта марокколық Доуа Закиді 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Сұлтан Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта италиялық Паоло Карусомен кездесті. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Диас Молжігітов 80 келіге дейінгі салмақта Оладжимеджи Шиттудан (Англия) 3:2 есебімен басым түсті. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит марокколық Иссам Бесярдан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Фарух Тоқтасынов Әзірбайжан өкілі Наби Исгандаров қолғап түйістіріп, қарсыласына 3:2 есебімен жол берді. Санжарәлі Бегалиев 75 келіге дейінгі салмақта Әзірбайжан өкілі Сейджамшид Джафаровпен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен есе жіберді. 

Осылайша жеті боксшымыз медальді өздеріне қамтамасыз етті. Айта кетейік, Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін) жарысты 1/2 финалдан бастайды. Ол Эмилия Котерскамен (Польша) кездеседі. Сондай-ақ Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) жеребенің нәтижесінде тікелей финалда өнер көрсетеді. Ол венгриялық Жофия Сирамен жұдырықтасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу