Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогында 5 алтын медаль жеңіп алды

112

Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарысты аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогында 5 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды.

Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті.

Бұған дейін Әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу