Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинамен тең түсті

1607

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасымен күш сынасты. Зеница қаласындағы "Билино Поле" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинамен тең түсті

Ойынның 53-минутында Қазақстан құрамасы бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Асхат Тағыбергеннің асырған пасы Исламбек Қуаттың аяғына дөп түсті. Ал "Астана" футболшысы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. 74-минутта Миральем Пьянич пенальтиден гол соқты. 86-минутта дәл осы футболшы бұрыштамадан пас асырған еді, Лука Менало қақпаға баспен соққы жасап, командасын алға шығарды. Бірақ 95-минутта Бахтиер Зайнутдинов айып добын тамаша орындап, Қазақстан құрамасына бір ұпай сыйлады.

Матч аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері матчқа қатысты өз ойын айтты.

"Егер біз осылай дайындалып, жігіттерді ынталандыратын болсақ, ойында бәрі өз орнына келеді. Мен бұл туралы кеше де, бүгін де айттым. Біздің топтағы барлық қарсыластарымыз жоғары деңгейлі. Бірақ соған қарамастан біз тең дәрежеде ойнай аламыз. Кейде олардан бір саты жоғары тұра аламыз", - деді Байсуфинов.

Сонымен қатар Босния мен Герцеговина құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстанмен болған тең ойынға (2: 2) қатысты пікір білдірді.

"Ойынның соңы нашар болды. Сондықтан мен біздің жігіттердің ойынына көңілім толмады. Бірінші таймды жақсы өткіздік. Бірақ гол соқпағанымыз өкінішті. Матчты жүз пайыз бақылауда ұстадық. Біз бірінші және екінші голды қалай жіберіп алғанымыз маған ұнамады. Алайда бұл нәтижені өзгерте алмаймыз. Талдау жүргізіп, қателермен жұмыс жасап, әрі қарай алға жүруіміз керек. Матч 2: 2 есебімен аяқталды. Егер біз өз қателігімізді түзететін болсақ, онда, әрине, балдағы ойындарда жеңіске жетеміз", - деді Петев.

Бес ойын өткізген Талғат Байсуфинов шәкірттері D тобында 3 ұпаймен соңғы орында қала берді. Ал Босния құрамасы бір саты жоғары тұр (3 ұпай).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу