Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді 3 медальмен аяқтады

403

Грек-рим күресінен ұлттық құрама бір күміс және екі қола медальмен үздіктер қатарынан көрінді.  

Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді 3 медальмен аяқтады Фото: olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өткен халықаралық рейтингтік турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың соңғы күнінде грек-рим күресінің балуандары сынға түсіп, Қазақстан құрамасы қоржынына бір күміс және екі қола медаль салды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов финалдық белдесуде Шаршенбековке есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Исхар Курбаев қола медаль үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Лалитті жеңіп, үздік үштіктен көрінді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасына алғашқы жүлдені Дінмұхаммед Қошқар сыйлаған болатын. Ол 67 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Будапешттегі халықаралық рейтингтік турнирді бір күміс және екі қола медальмен қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу