Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді 7 медальмен аяқтады

219

Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Асыл Айтақын 61 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде жеңіп алды.  

Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді 7 медальмен аяқтады Фото: olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында өткен еркін күрестен рейтингтік турнир аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Едіге Қасымбек финалда польшалық Камиль Томаш Косьчолекті жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрес бәсекесін 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен, жалпы жеті медальмен қорытындылады.

Бұған дейін Асыл Айтақын (61 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Нұрданат Айтанов мен Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), сондай-ақ Начын Куулар (65 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Сонымен қатар Будапештте әйелдер күресінен де рейтингтік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу