Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне дайындықты бастады

524

16-17 қыркүйекте Софиядағы жергілікті Ұлттық теннис орталығының кортында Қазақстан құрамасы Болгария құрамасымен Дэвис кубогының плей-офф матчтарын өткізеді.

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне дайындықты бастады Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер жаттығуға кірісіп кетті. Бір күн бұрын капитан Юрий Щукин бастаған командамыз Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов Витоша таулы аймағының етегінде орналасқан қалаға келді. Бұл командалар арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесу болмақ. Болгария құрамасы бұған дейін Дэвис кубогының финалдық кезеңіне өткен емес.

"Болгария құрамасының көшбасшысы Григор Димитровтың матчтарға қатысуы туралы нақты ақпарат жоқ. Ол матчтар тізіміне енбеген. Бірақ 15 қыркүйекте өтетін жеребе тарту рәсіміне дейін оны әлі де құрамаға қосуға болады. Дэвис кубогы - бұл ерекше командалық турнир және мұнда рейтинг шешуші рөл атқармайды. Оларда Димитровсыз да жақсы теннисшілер бар. Оған қоса олар өз алаңында жанкүйерлерінің алдында ойнайды. Бұл оңай болмайды. Бірақ біз жеңіске жетіп, командалық Әлем чемпионатына бір қадам жақындауға тырысамыз", - деді Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов.

16 қыркүйек күні  екі жекелей кездесу, 17 қыркүйек бір жұптық және тағы екі жекелей матч өтеді. 2024 жылдың ақпан айындағы кездесудің жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде бәсекеге түсу құқығы үшін мықтырақ қарсыласпен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу