Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 додасына жолдама үшін Италиямен кездеседі

113

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 финалдық кезеңіне жолдама сарапқа салынатын плей-оффтағы алғашқы ойынын өткізеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 додасына жолдама үшін Италиямен кездеседі Фото: kff.kz

Матч Италияның Фазано қаласында өтеді. Бұл ойын қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше маңызды. Рикардо Кака шәкірттері сырт алаңда жеңіске жетіп, өз алаңында өтетін қарымта матч алдында басымдық алуды көздеп отыр.

Италия – Қазақстан кездесуі 18 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 23:00-де (Фазано уақытымен 20:00-де) басталады. Ойын PalaSport аренасында өтіп, QAZSPORT арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қарымта матч 23 қыркүйекте Астанада өтпек.

Өтпелі кезеңге негізгі іріктеу топтарында екінші орын алған сегіз құрама жолдама алған. Екі кездесудің қорытындысы бойынша ЕУРО-2026 финалына берілетін соңғы төрт жолдама анықталады.

Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңі 2026 жылдың 20 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Словения, Латвия және Литвада өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 6-топта Армения, Дания және Албаниямен бірге өнер көрсетіп, 10 ұпай жинап, 2-орын алды. Тікелей жолдаманы Армения иеленді. Ал Италия 2-топта Беларусь, Финляндия және Мальтамен ойнап, Беларусьтен кейінгі 2-орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу