Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең ойнады

494

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында Астанада Фарер аралдарымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең ойнады Фото: kff.kz

Матчтың алғашқы минуттарында алаң иелері белсенділік танытқанымен, есепті бірінші болып қарсылас ашты. 22-минутта Фарер аралдарының шабуылшысы Петур Кнудсен Қазақстан қақпасына гол соқты.

Екінші таймда қонақтар басымдығын арттыра түсті. 63-минутта Геза Давид Тури есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде Фарер аралдарының ойыншысы Мартин Агнассон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан жағынан басымдыққа ие болған Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты. 65-минутта Сергей Малый гол соқса, 76-минутта Нұралы Әліп таразы басын теңестірді.

Қалған уақытта есеп өзгермей, командалар 2:2 нәтижесіне тоқтады.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу