Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 8 саты жоғары көтерілді

637

Қазіргі таңда ФИФА рейтингінде 1843.73 ұпаймен Аргентина құрамасы көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 8 саты жоғары көтерілді

Магомед Адиев шәкірттері рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша 112-орыннан 104-орынға көтерілді. Бұл барлық командалар арасындағы ең үлкен серпіліс болды. Армения құрамасы жеті сатыға көтерілді (97-ші орыннан 90-шы орынға). Бұл ретте Армения құрамасы қосылған ұпай бойынша (+28,52) көш бастады. Қазақстан екінші орында (+21,19 ұпай).

ФИФА рейтингі
1. Аргентина — 1843.73
2. Франция — 1843.54
3. Бразилия — 1828.27
4. Англия — 1797.39
5. Бельгия — 1788.55
6. Хорватия — 1742.55
7. Нидерланды — 1731.23
8. Италия — 1726.58
9. Португалия — 1718.25
10. Испания — 1703.45

104. Қазақстан — 1198.24.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайты Қазақстан құрамасының бірнеше сатыға жоғары көтерілуіне қатысты пікір білдірді.

"Аргентина көш бастап тұр, Армения мен Қазақстан жоғарылауда", - деп жазылған ФИФА сайтында.

Ал пост-кеңестік елдер арасында Қазақстан құрамасы сегізінші орынға жайғасты. Еліміз ФИФА рейтингінде Тәжікстан, Эстония, Әзірбайжан, Латвия, Түркіменстан, Литва және Молдованы басып озып, 104-ші орында тұр.

24. Украина — 1541.25
38. Ресей — 1495.53
74. Өзбекстан — 1327.58
78. Грузия — 1312.8
90. Армения — 1252.6
97. Қырғызстан — 1224.8
98. Беларусь — 1212.28
104. Қазақстан— 1198.24
109. Тәжікстан — 1179.54
110. Эстония — 1179.3
121. Әзербайжан — 1143.22
134. Латвия — 1096.19
138. Түркіменстан — 1089.77
145. Литва — 1069.67
164. Молдова — 990.73. 

Айта кетейік, маусым айындағы Еуро-2024 іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:0, Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу