Қазақстан FIFA Series 2026 жолдастық турнирінің жеңімпазы атанды

215

Жеңісті голдың авторы – Рамазан Оразов.

Қазақстан FIFA Series 2026 жолдастық турнирінің жеңімпазы атанды Фото: kff.kz

Бүгін Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында Комор аралдары құрамасымен кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтті.

Ойынның 4-минутында Рамазан Оразов қарсыластың қателігін тиімді пайдаланып, бос қақпаға гол соқты. Одан кейін екі команда да шабуылға шығып, тартысты ойын өрбіді. Дегенмен матч минималды есеппен аяқталды – 1:0.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңген болатын. Нәтижесінде, 6 ұпай жинаған құрамамыз биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу