31 наурыз, сейсенбі күні Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Комор аралдарына қарсы матч өткізеді. Кездесудің тікелей трансляциясы 17:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Намибияны 2:0 есебімен жеңді. Матчтың 12-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 79-минутта Әлібек Қасым мергендігімен көзге түсті.
Ал Комор аралдары құрамасы алғашқы кездесуін Намибияға қарсы өткізіп, негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Намибия құрамасы 5:4 есебімен басым түсті.
Матч алдындағы ресми шаралар бүгін, 30 наурыз күні өтеді. Сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының баспасөз мәслихаты ұйымдастырылса, 17:00-де команда ойын алды жаттығуын өткізеді (алғашқы 15 минуты ашық). 18:00-де Комор аралдары құрамасының баспасөз мәслихаты өтіп, 18:30-да олардың да жаттығуы (15 минут) басталады.
Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойынында жанкүйерлер алдында жеңісті сериясын жалғастыруға тырысады.