Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріне қатысады

108

Биыл турнирде алғаш рет ерлермен қатар әйелдер құрамалары да сынға түседі. 

Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріне қатысады

Азия, Еуропа, Африка, Океания, КОНКАКАФ және Оңтүстік Америка құрамалары FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. 2026 жылдың наурыз–сәуір айларына жоспарланған FIFA Series жарысына барлық құрлықтан ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары қатысады. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық командаларға әртүрлі конфедерациялар өкілдерімен өзара күш сынасуға мүмкіндік беру.

FIFA Series турнирінің пилоттық нұсқасы 2024 жылдың көктемінде өтті. Ал 2026 жылы жарыс алғаш рет ресми түрде ұйымдастырылып, тұңғыш рет әйелдер құрамалары да қатысады.

Әр топта әртүрлі құрлықтан келген төрт команда жиналады. Әр құрама екі жолдастық матчтан өткізеді. Мұндай формат ұлттық құрамалардың күнтізбесін шамадан тыс жүктемей, халықаралық ойындардың деңгейін арттыруға бағытталған.

Серияның қожайындарының бірі – Өзбекстан құрамасы. Олар Габон, Исландия және Тринидад пен Тобаго құрамаларымен кездеседі. Сондай-ақ FIFA Series турнирінің тағы бір қожайыны – Қазақстан құрамасы. Қарсыластарымыз әзірге анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу