Қазақстан құрамасы гандболдан Аустралияны ойсырата жеңді

171

Азия чемпионатының үздік төрт командасы 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстан құрамасы гандболдан Аустралияны ойсырата жеңді Фото: olympic.kz

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Аустралия спортшыларын 37:18 есебімен жеңді.

Отандастарымыз топтық кезеңде сенімді ойын көрсетіп, қарсыласынан ірі есеппен басым түсті.

Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар.

Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Құрлықтық додада үздік төрттікке енген құрамалар 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу