Қазақстан құрамасы халықаралық семсерлесу Гран-приінде бақ сынауда

136

Венгрияның Будапешт қаласында семсерлесуден Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы халықаралық семсерлесу Гран-приінде бақ сынауда Фото: olympic.kz

Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.

Құрама сапында Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов, Ерлік Сертай, Богдан Лукин, Аңсар Қасен, Михаил Кузьмин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Қайдарова және Ләззат Қарипова бар.

Айта кетейік, Гран-при жарысы 19 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу