Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльске есе жіберді

421

Астанада өткен 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы матчта Қазақстан құрамасы Уэльс командасынан 0:1 есебімен жеңілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльске есе жіберді Фото: vesti.kz

Кездесу басталғаннан-ақ қос тарап та белсенді ойын көрсетті. Қазақстандық футболшылар бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, соңғы сәтте мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал Уэльс құрамасы бірінші таймда есеп ашып, сол нәтижені матч соңына дейін сақтап қалды.

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы турнир кестесінде жағдайын қиындатып отыр. Дегенмен, бас бапкер ойыннан кейін футболшылардың жанкештілігін атап өтіп, алдағы кездесулерде нәтиже үшін бар күш салатынын айтты.

Ұлттық құраманың келесі ойыны 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы өтеді. Бұл матч та іріктеуде шешуші рөл атқармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу