Қазақстан құрамасы Румынияны жеңіп, А тобында көш бастады

879

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы екінші матчта жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы Румынияны жеңіп, А тобында көш бастады Фото: kff.kz

Алматыда Румыния құрамасымен өткен кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бірінші таймда қазақстандықтар төрт рет қонақтарды қапы қалдырды. Гол авторлары Дуглас Жуниор (екінші минут), Альберт Акбаликов (11), Эдсон (16) және Біржан Оразов (20). Ал румыниялықтар сапынан бірінші таймда (төртінші минут) тек Маня Саболич қана гол соқты.

Екінші таймда қонақтар тағы екі нәтижелі шабуыл ұйымдастыра білді. 32-минутта Андре Луи Сассе гол соқса, 36-минутта Манья дубль авторы атанды. Осылайша ел құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, А тобында көш бастады.

Сонымен қатар футзалдан Әзірбайжан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундының "А" тобында Нидерланды құрамасын өз алаңында ірі есеппен жеңді. Бакудегі кездесу 6:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Әзірбайжан құрамасынан Рафаэль Вилела (дубль), Галло, Манека және Филипиньо (дуб) көзге түсті. Ал Голландия құрамасынан Илиас Бузит гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы бірінші турда Нидерландыны сырт алаңда ұтқан болатын. Енді Рикардо Кака шәкірттері келесі кездесуін 6 қазан күні сырт алаңда Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу