Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында қола медаль иеленді

293

Бұл қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатындағы командалық сайыстағы алғашқы тарихи жүлдесі.

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Тбилисиде өткен әлем біріншілігінде Қазақстан шпагашылары алғашында қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасын жеңді. 

Ал, содан кейін кезекті қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде спортшыларымыз тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасын 45:31 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

Команда құрамында Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов пен Кирилл Проходов өнер көрсетті. Жаһандық додада еліміздің көк туын желбіреткен спортшыларымыз жарыстан кейін пікір білдірді. 

"Бұл мен үшін ересектер арасындағы он бесінші әлем чемпионаты. Сондықтан бұл медаль мен үшін өте қымбат. Біздің спортта мұндай сәттің қашан болатынын болжау өте қиын. Бұл жолы бәрі ойдағыдай аяқталды. Тек жартылай финалда Жапонияға бір ғана ұпаймен есе жіберіп қойдық. Егер сол кездесуде жеңсек, кем дегенде күміс, бәлкім алтын алатын едік. Сондықтан бұл қола медаль – мен үшін аса бағалы. Мен бұл жүлдені алу үшін ондаған жыл еңбек еттім", – Эльмир Алимжанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу