Қазақстан құрамасы "Странджа" турнирінде 9 медальға қол жеткізді

131

23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" халықаралық турнирі өтті. 

Қазақстан құрамасы "Странджа" турнирінде 9 медальға қол жеткізді Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс құрамасы беделді халықаралық "Странджа" турниріндегі өнерін сәтті аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандық боксшылар тоғыз медаль жеңіп алып, ерлер мен әйелдер арасында жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Алтын жүлдені 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова, 80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец және 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова иеленді.

Күміс медаль 70 келіге дейінгі салмақта Фарух Тохтасынов пен 65 келіге дейінгі салмақта Лаура Есенгелдіге бұйырды.

Ал қола жүлдені 54 келіге дейінгі салмақта Анель Сакыш, 75 келіге дейінгі салмақта Валентина Хальзова және 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова жеңіп алды.

"Странджа кубогы"  Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі саналады. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылды. Қазақстан аталған додаға 39 боксшыдан тұратын ірі құраммен қатысты. Олардың 19-ы ерлер, 20-сы әйелдер болды.

Айта кетейік, Болгария жерінде 31 мемлекеттің 338 боксшысы жүлдеге таласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу