Қазақстан құрамасы сырт алаңда Дания және Финляндиямен кездеседі

940

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 6-қазанда Алматыда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. 

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Дания және Финляндиямен кездеседі Фото: Қазақстан Футбол Федерациясы

Құрамамыз қазан айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 14 қазан күні Магомед Әдиев шәкірттері Даниямен Копенгаген қаласында кездеседі. Ойын "Паркен" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін, яғни 17-қазан күні біздің құрама Финляндиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 22:00-ге жоспарланған. Матч Хельсинки қаласы, "Олимпия" стадионында өтеді.

Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Әдиев Дания (14 қазан) және Финляндия (17 қазан) құрамаларына қарсы өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

  • Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Александр Заруцкий ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
  • Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Бағдат Қайыров ("Тобыл"), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Еркін Тапалов ("Қызылжар"), Лев Скворцов ("Химки", Ресей);
  • Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Копер", Словения), Максим Самородов ("Ақтөбе"), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – "Астана"), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл"), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);
  • Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Иван Свиридов ("Шахтер");

Айта кетейік, қарағандылық "Шахтер" командасының шабуылшысы Иван Свиридов ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алды. Сондай-ақ тізімде жазда Қазақстан азаматтығын алған сербиялық IMT жартылай қорғаушысы Александр Зуев та бар. Резервтік тізімге Данил Устименко, Эльхан Астанов, Арман Кеңесов, Әділет Садыбеков, Роман Асранқұлов, Вячеслав Швырев және Рамазан Каримов енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу