Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

684

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін күреседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты Фото: olympic.kz

1/16 финалда ұлттық құрама Испания командасымен кездесті. Алғашқы матчта Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңді.

Одан кейін Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтып, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші нүктені Кирилл Герасименко қойды. Қазақстандық спортшы Альваро Роблесті 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қорытынды есеп – 3:1. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, енді Жапония мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу