Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізді

280

2025 жылғы 28–30 маусым аралығында Тбилиси қаласында Қазақстан ұлттық падел құрамасы мен Грузия ұлттық құрамасының бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтті. 

Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Жаттығу жиындары 1–6 шілде аралығында өтетін FIP BRONZE TBILISI халықаралық турнирінің қарсаңында ұйымдастырылды. Аталған турнирге Қазақстан құрамасының спортшылары қатысады.

Бірлескен жиындарды өткізу бастамасы Қазақстан Республикасы Падел федерациясы мен Грузия Республикасы Падел федерациясының белсенді үйлестіруімен жүзеге асты. Бұл шара екі елдің федерациялары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Жиын барысында қатысушылар:

- құнды ойын тәжірибесін жинақтады

- өзге құраманың спортшыларымен тәжірибе алмасты

- достық және кәсіби байланыстарды нығайтты

FIP BRONZE TBILISI турнирі аясында Қазақстан Падел федерациясы мен Грузия Падел федерациясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бұл құжат екі ел арасындағы тұрақты тәжірибе алмасуға, бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен турнирлер өткізуге берік негіз қалыптастырады.

Қазақстан Падел федерациясы грузиялық әріптестеріне көрсеткен қонақжайлығы мен оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Бұл серіктестік қос мемлекетте падел спортының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу