Қазақстан құрамасы теннистен әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді

164

Теннистен әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы теннистен әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді Фото: ҚТФ

Астана қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында Канада құрамасын жеңген Қазақстан командасы 9-дан 7-орынға көтерілді. 

Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпиондарын 3:1 есебімен жолдан тайдырып, қыркүйек айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алғаны белгілі.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша Италия көш бастаса, Ұлыбритания екінші, Украина 8-ден бірден 3-сатыға көтерілді. Одан кейінгі орындарда Испания, Чехия тұр. 

АҚШ рейтингіде 2-ден 6-ға, Канада 4-тен 8-ге дейін құлдырады. Польша мен Жапония 9-10-сатыда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу