Словенияда өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстан құрамасы төртінші кездесуін өткізді.
Ойынның алғашқы кезеңі толығымен Норвегияның басымдығымен өтті. Қарсылас команда сапынан Тинус Коблар (1-минут) және Никлас Аарам-Ольсен (8, 13-минуттар) мергендігімен танылды. Екінші кезеңнің басында Корней Корнеев (23-минут) бір шайба соғып, есепті қысқартты. Алайда норвегиялықтар жылдам жауап беріп, Элиас Ватне (25-минут), Коблар (25-минут), Миккель Эриксен (30-минут) және Дидрик Баанеруд (37-минут) тағы төрт гол соқты.
Үшінші кезеңде де Норвегия шабуылы бәсеңдеген жоқ. Ромео Сёренсен (44-минут), Коблар (46-минут), Лукас Петтерсен-Финкенхаген (48-минут) және Мажит Имашев (52-минут) нәтижелі соққыларымен ерекшеленді. Кездесу 10:2 есебімен Норвегияның пайдасына аяқталды.
Осылайша, соңғы тур алдында Норвегия 11 ұпай жинап, көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы алты ұпаймен топ-дивизионға өту мүмкіндігінен айырылды. Айта кетейік, бұл сатыға тек топ жеңімпазы ғана жолдама алады. Бұған дейін Васин шәкірттері алғашқы ойында Украинаға овертаймда 1:2 есебімен жол беріп, Словенияны буллит сериясында 5:4 есебімен, Францияны 14:6 есебімен жеңді.
Жастар құрамасы турнирдегі соңғы ойынын ертең, сенбі күні Аустрияға қарсы өткізеді.