Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында

788

Самарқанда (Өзбекстан) шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.  

Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында Фото: Шамкен Байырбек

Алғашқы жарыс күні ерлер рапидтен бес, ал әйелдер төрт тур ойнады. 

Бұрымды спортшылар арасынан додаға түскен отандасымыз Меруерт Камалиденова қатарынан үш ойында жеңіске жетті. Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Алуа Нұрманованың үлесінде 2,5 ұпайдан бар. 

Ерлер арасында қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен қарқын алып, көш басына шықты. Норвегиялық гроссмейстердің еншісінде 4,5 ұпай бар. Үлесінде 3,5 ұпайы бар қазақстандық Денис Махнев екінші сатыға жайғасты. Одан кейінгі орындарға Арыстан Исанжулов пен Ернұр Амангелді тұрақтады. 

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаттың жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайды. Шахматтан әлем чемпионаты 30-шы желтоқсан күні аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу