Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыласына 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері шабуылға басымдық беріп, қазақстандық қақпа маңында қауіпті сәттер ұйымдастырды. Алайда есепті Қазақстан құрамасы ашты. Қорғаушы Сергей Малый бұрыштамадан көтерілген допты баспен дәл бағыттап, командасын алға шығарды.
Бірінші таймда венгриялық футболшылар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде Венгрия құрамасы ойын тізгінін толық өз қолына алды. Команда капитаны Доминик Собослаи 52-минутта есепті теңестірсе, кейін Андраш Шафер мен Раджмунд Тот мергендік танытып, өз құрамасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияға 1:3 есебімен есе жіберді.