Қазақстан құрамасы жарысты жеңіспен бастады

1777

Ұлттар лигасы жарысының алғашқы матчында Қазақстан ұлттық құрамасы Литвадан басым түсті.

Қазақстан құрамасы жарысты жеңіспен бастады

Ойынның алғашқы минуттарында Қазақстан құрамасы өте белсенді болды. Қапталдағы допқа бірінші жеткен Ғафұржан Сүйімбаев Бауыржан Исламханға пас шығарды. Ал құрама капитаны Бақтиер Зайнутдиновке керемет мүмкіндік жасап беріп, еді жартылай қорғаушы гол салды. Бұл Зайнутдиновтың құрама сапындағы 7 голы болатын. Гол жіберіп алған Литва құрамасы таразы басын теңестіру үшін шабуылға шықты. Алайда, 5 қорғаушымен ойнаған құрамамыз қателік жібермеді. Дегенімен, матчтың жарты сағаты артта қалғанда ЦСКА сапында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып қалды. Еліміздің басты командасының көшбасшысы амалсыз алаңдағы орнын босатты. Оның орнына жас ойыншы Максим Федин алаңға шықты.

Михал Билектің шәкірттері екінші таймды да сенімді бастады. Гол салатын бірлі-жарым мүмкіндіктер қарастырып та көрді. Бірақ, алаң иелері допты көбірек ұстап позициялық шабуылдар жасады. Тіпті қақпашымызбен бетпе бет шығып та көрді. Алайда, литвалық ойыншы қақпадан қиыс тепті. Ал ойын соңында Ян Вораговскийдің пасынан кейін Исламбек Қуат есепті еселеп тастады. Бұл таза жеңіске жеткеніміздің белгісі болатын. Ойынның үздік футболшысы Ян Вораговский болғанын да айта кетейік. Енді Қазақстан құрамасы 7 қыркүйек күні Алматыда Белорусь құрамасымен кездеседі.

Литва – Қазақстан – 0:2

Голдар: Бақтиер Зайнутдинов 3, Исламбек Қуат 86

Ескертулер: Саулюс Миколюнас 33, Гратас Сиргедас 45+1, Роландас Баравикас 82 – Сергей Малый 49, Айбол Абикен 69

Қазақстан: Стас Покатилов (В) – Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров – Ян Вороговский, Юрий Перцух (Исламбек Қуат 82), Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан (К) (Абат Айымбетов 70), Бақтиер Зайнутдинов (Максим Федин 30);

Қосалқы құрам: Дмитрий Непогодов (В), Данил Устименко (В) – Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков, Олжас Керімжанов – Асхат Тағыберген – Сергей Хижниченко, 

Бас бапкер: Михал Билек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу