Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 6 медаль еншіледі

390

Сары құрлық бәсекесінде 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 6 медаль еншіледі Фото: qazathletics.kz

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел құрамасынан Нора Джеруто (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5 000 метр) екі алтын алса, одан кейін Дейзи Джепкемей (10 000 метр) чемпиондық тұғырға көтерілді. 

Ал Елизавета Матвеева биіктікке секіруде күміс жүлдеге қол созса, Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) мен Дейзи Джепкемей (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру) үздік үштікті түйіндеді. Осылайша бұл күні жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қоржынға тағы үш медаль түсті. 

Құрлықтық додада Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден төртінші орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу