Қазақстан құрамасының Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

226

Астанада бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімінің нәтижелері белгілі болды. 

Қазақстан құрамасының Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Ауқымды жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Қазақстандық боксшылар өз жорығын бүгін бастайды. Бағдарламаның алғашқы жекпе-жегінде 70 келі салмақ дәрежесіндегі тәжірибелі Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия сағат 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады.

50 келі. 9 боксшы. 1/4 финал
Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы әлем чемпионы) – Кото Шудай (Жапония)

55 келі. 14 боксшы. 1/4 финал
Сабырхан Махмұд (2023 жылғы әлем чемпионы) – Шин Жаенг (Корея Республикасы)

60 келі. 17 боксшы. 1/8 финал
Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – Якоб Кассар (Жаңа Зеландия, 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері)

65 келі. 19 боксшы. 1/8 финал
Ертуған Зейнуллинов (2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері) – Ахмет Пекел (Түркия)

70 келі. 15 боксшы
Абылайхан Жүсіпов (үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан, 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі)

75 келі. 9 боксшы
Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)

80 келі. 15 боксшы. 1/8 финал
Нұрбек Оралбай (әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері) – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
Екі боксшы бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында кездескен.

85 келі. 6 боксшы. 1/4 финал
Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы) – Лачлан Лаусон (Жаңа Зеландия)

90 келі. 10 боксшы
Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы)
Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Азиз Аббес Мухийдин (Италия) мен Малачи Джоржес (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

+90 келі. 13 боксшы
Айбек Оралбай (екі дүркін Азия чемпионы) – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Айта кеиейік, World Boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды. Олардың қатарында Олимпиада, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаз, жүлдегер спортшылары бар.

Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін. Қазақстандық боксшылар өздерінің жоғары деңгейдегі шеберлігін тағы да дәлелдеуге әзір. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу