Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

1035

Кака шәкірттері В тобында бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан 2022 жылы өтетін Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы В тобында Италия, Словения және Финлияндиямен сынға түседі.

Футзалдан ұлттық құрамалар арасындағы Кәрі құрлық чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланды елінде өтеді. Құрамамыз топтық кезеңдегі матчтарын, Гронинген қаласында ойнайды. Ойын кестесіне сәйкес Қазақстан құрамасы 20 қаңтар Словения, 24 қаңтар Финлияндия, 28 қаңтар Италия құрамаларымен кездеседі. Осы орайда Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі туралы пікір білдірді.

– Еуро-2022 турниріндегі барлық топтар мықты деп ойлаймын. Әлсіздер жоқ. Барлық 16 команда жақсы деңгейде. Мұндай турнирде жеңіл топтар болмайды. Бірінші матч Словениямен өтеді. Олармен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнадық. Бұл техникалық жағынан мықты және қуатты команда. Сонымен қатар Дуглас бұл кездесуге қатыса алмайды, өйткені ол өткен Еуропа чемпионатының соңғы матчында алаңнан қуылды.

Финляндияға келетін болсақ, олардың басқалар сияқты шеберлік деңгейі жоқ, бірақ бұл дайындалған және атлетикалық команда.

Италия құрамасында буын алмасу процесі жүруде. Егер бұрын Италияа онға жуық бразилиялықтар ойнаған болса, қазір олардың құрамында италиялықтар көп. Бұл өте жақсы команда.

–​ Еуро-2022-ге дайындық қашан басталатыны белгілі болды ма?

– Біз дайындықты 3 қаңтарда бастаймыз. Сондай-ақ жолдастық кездесулерді 13-15 қаңтар аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз. Қарсыластармен алдын ала келісім бар.

–​ Жарты жыл ішінде құрама екі ірі турнирге қатысады. Бұл физикалық және эмоционалды тұрғыдан қаншалықты қиын? 

– Әрине, қиындықтар бар, өйткені күнтізбе өте тығыз. Алайда біз бұл фактор біздің пайдамызда болатындай етуіміз керек. Мақсат – қиындық туралы ойланбай, паркетке шығып, әр ойында жеңіске жету.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу